Әлемнің барша елдерінен бүгінде жаңаша жауапкершілік талап етіледі - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемнің барша елдерінен бүгінде жаңаша жауапкершілік талап етіледі - Назарбаев

Әлемнің барша елдерінен бүгінде жаңаша жауапкершілік талап етіледі - Назарбаев

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Әлемнің барша елдерінен бүгінде жаңаша жауапкершілік талап етіледі. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейсенбіде ашылған VII Еуразиялық медиафорумда мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 462
Фото - Caravan.kz

«Батыс пен Ресей, христиандық әлем мен ислам әлемі, қуатты солтүстік пен кедей оңтүстік, дамыған демократия және «сыртқа тебілген»елдер. Бұл біздің бақытты болашағымызға деген сенімімізді көмескілендіретін өркениетті кереғарлықтардың толық тізімі емес. Сондықтан бұл жағдай әлем бойынша жаппай сенімсіздікті туғызып, жан таласа қарулану мен қорғаныс әлеуетін ұлғайтуға итермелейді «, — деді мемлекет басшысы.

«Кез-келген саналы адам үстемдіктегі басымдықтар мен құндылықтарды өзгерту керек деген тұжырымға келеді», — деп атап өтті ол.

Президенттік пікірінше, «әлемнің барша елдерінен бүгінде жаңаша жауапкершілік талап етіледі «.

«Күш тепе-теңдігіне емес, ашықтық, сенімділік және диалог қағидаларына негізделген, жаһандық қауіпсіздіктің жаңа архитектурасын құруға жетелей алатын, тарих толқынында қалыптасқан құқықтық және мәдени доминанттардың іргетасында ықпалдастық орнату қажет», — деп түсіндірді ол.

Н. Назарбаевтың пікірінше, » әрбір мемлекеттің жауапкершілігі мен роліне, халықаралық қоғамдастықтың құзырының шегі мен оның мүмкіндіктері жөніндегі түсініктерге халықаралық құқық тұрғысынан қайта баға беру қажет».

Оның сөздері бойынша, бүгінгі күні мемлекеттер бұрынғыдай ұлттық мүдденің эгоистік түсінігі аясынан әлі де шыға алмай отыр. «Осы орайда елдердің халықаралық құқық принципін қолдауы көп жағдайда олардың қуатына кері пропорционал болып келеді», — деп санайды президент.

Оның пікірі бойынша, өркениеттер арасындағы және геосаяси текетірестердің күшеюі «экологиялық және әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуден ауқымды қаражатты басқа бағытқа бұруда».

Бүгінгі әлем көптеген геосаяси кереғарлықтарға толы. Олар өздерінің дамуына қарай және бұған баға берушілердің жеңіл қолымен мәдени-өркениеттік реңкке ие болады. Бай және кедей елдерге бөліну көп ғасырлық дамудың жемісі ретінде мәдени және діни категориялармен толығады, деп атап өтті президент.

«Бұның бәрі атышулы карикатуралық жанжал немесе Олимпиадалық алау эстафетасына мәнсіз шабуылға ұқсас түсініспеушіліктер мен абайсыздықты, ескішілдікті тудырады «, — деп қорытындылады мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті