Парламент төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Парламент төтенше жағдайлар мәселелері жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Астана. 24-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін өткен сенаттың жалпы отырысында депутаттар "Төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі" заң жобасы бойынша келіспеушілікті еңсеру үшін құрылған парламент палаталарының келісім комиссиясының шешімін мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 472
Фото - Caravan.kz

Бұған дейін түзетулерді мәжіліс мақұлдаған болатын. Сөйтәп заң қабылданды деп танылып, президенттің қол қоюына жолданды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл құжаттың мақсаты — төтенше жағдайлар саласындағы заңнаманы жетілдіру болып табылады.

Мәселен, «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» заңда тиісті уәкілетті органның осы саладағы мемлекеттік бақылау құзыретін нақтылау ұсынылған.

«Өрт қауіпсіздігі туралы » заңда өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлектетік органдардың құзыретін нақтылай түсу, мемлекеттік өрт қауіпсіздігі органдарында қызметтен өту тәртіптері, құқықтық ережелері мен мәртебесін жан-жақты көрсету ұсынылған.

Сондай-ақ, заң жобасымен өртке қарсы және өнеркәсіптік қауіпсіздік салаларындағы уәкілетті органның қызметіне байланысты басқа да бірқатар заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті