Журналистер сөздің құдыретін бағамдауға тиіс - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Журналистер сөздің құдыретін бағамдауға тиіс  - Назарбаев

Журналистер сөздің құдыретін бағамдауға тиіс - Назарбаев

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Журналистер сөздің құдыретін бағамдауға тиіс. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін жетінші Еуразиялық медиафорумның ашылуында мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін агенттігі.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 949
Фото - Caravan.kz

«ХХІ ғасырда бұқаралық ақпарат құралдары ұлығаусар мүмкіндіктерге ие болды. Ғаламдық коммуникациялық желілердің, спутниктік телевидение мен Интернеттің пайда болуы бұқаралық ақпарат құралдарын «барлық жерге көктей кіретін» қабілетке ие болдырды», — деді президент.

«Жаңа ақпараттық мүмкіндіктер өлшеусіз еркіндік берумен бірге адамдардың санасын зақымдау және улау айла-шарғыларының қаупін тудырады», -деді ол.

Мемлекет басшысының пікірінше, ұлттық сыңаржақтыққа және үстемдік құрушы элитаға қатты тәуелділікке байланысты «БАҚ-тар ақпараттық соғыстардың қыр-сырын меңгеру арқылы ғаламдық саяси күрестің құралына жиі айналуда. Бұл -алаңдатарлық ағым», -деді ол.

«Әрбір журналист сөздің құдыретін парықтауға тиіс. Халықаралық күн тәртібін саясаткерлер жасақтайтынына қарамастан, дәл осы журналистер оны түзету және оған мораль мен әділеттілік ұрығын себу мүмкіндігіне ие», -деді мемлекет басшысы.

«Бөтен халықтардың идеалы, мәдениеті, талпыныстары мен сұраныстары туралы ақпарттарды жеткізу арқылы БАҚ-тар олардың арасындағы сауатсыздық пен түсінбеушілікті жоюға, жалпыадамзаттық ынтымақ-берекенің пайда болуы мен нығаюына септігін тигізе алады. Жетекші әлемдік БАҚ-тардың объективтілігі мен әділеттілігі әлемнің көптеген шиеленісті нүктелеріндегі қақтығыс әлеуетін біршама төмендете алар еді», -деді президент.

«Біз сөз бостандығы құқығы мен ғаламдық қауіпсіздікті сақтаудың қамы арасындағы тепе-теңдікті таба білуді үйренуге міндеттіміз», -деген президент «медиафорумның жұмысы қазіргі өміріміздегі осындай өзекті мәселелерге жауап іздеуге арналады» дегенге сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті