Еуразиялық медиафорум еуразиялық мәдениет пен өңірлік ынтымақтастықты дамытуда бірегей роль атқарады - БҰҰ Бас ассамблеясының президенті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еуразиялық  медиафорум еуразиялық мәдениет пен өңірлік ынтымақтастықты дамытуда бірегей роль атқарады  - БҰҰ Бас ассамблеясының президенті

Еуразиялық медиафорум еуразиялық мәдениет пен өңірлік ынтымақтастықты дамытуда бірегей роль атқарады - БҰҰ Бас ассамблеясының президенті

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Еуразиялық медиафорум еуразиялық мәдениет пен өңірлік ынтымақтастықты дамытуда бірегей роль атқарады. Бұл туралы бүгін VII Еуразиялық медиафорумға қатысушыларға сәлем берген сөзінде БҰҰ Бас ассамблеясының 62-ші сессиясының президенті Срджан Керим мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 366
Фото - Caravan.kz

«Еуразиялық медиафорум еуразиялық мәдениет пен өңірлік ынтымақтастықты дамытуда бірегей роль атқарады. БАҚ пен ақпаратқа еркін қол жеткізу мәселелерінің айрықша маңызды ролін, әсіресе оның адам құқығын дамытуда қандай роль атқаратынын мен айқын бағдамдаймын», — деді С. Керим.

«Бүгінде заманауи демократиялық медиақұрылымдарды дамыту процессі бұрынғыдан бетер сансыз проблемаларға тап келуде. БАҚ-ты әлдебір саналы форматтың аясына орналастыру демократиялық процестерді шектеп қана қоймай, оны тіпті қиындатып отыр», — деді ол.

БҰҰ Бас ассамблеясының 62-ші сессиясының президентінің атап көрсетуінше, «Қазақстан қарқынды әрі экономикалық табысты держава ретінде дамып келеді және БҰҰ-ның бастамаларын жүзеге асыру үшін белсене әрекет етуде».

«Сіздер өңірлік қарусыздану және мәдениетаралық диалогқа қатысты бастамалар бойынша көшбасшы елсіздер. Осындай саяси тәжірибенің негізінде сіздер тұрықты даму мәсеелсі ұзақ мерзімді процесс екенін және соған сәйкес оған уақыт керек екенін сезінесіздер», -деді С. Керим. «Әр ел демократиянв өз жолымен дамытуға тиіс, мәселен, менің өз елім — Македония секілді», -деді ол.

«Темір шымылдық түрілгеннен кейін Батыс пен Шығыс арасындағы айырмашылық біртіндеп жойыла түсуде, сөйтіп, елдер өз тағдарын жаһандану аясында айқындауда және ол демократиялық саяси әріптестікке негізделуде», — деді С. Керим.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті