Косово оқиғасы қазіргі заманғы әлемдік құрылымды ұйымдастыру жүйесіне күмән тудырады - ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Косово оқиғасы қазіргі заманғы әлемдік құрылымды ұйымдастыру жүйесіне күмән тудырады - ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы

Косово оқиғасы қазіргі заманғы әлемдік құрылымды ұйымдастыру жүйесіне күмән тудырады - ЕАМФ ұйымдастыру комитетінің төрайымы

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Косово оқиғасы қазіргі заманғы әлемдік құрылымды ұйымдастыру жүйесіне күмән тудырады. Бұл туралы бүгін VII Еуразиялық медиафорумның ашылуында форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін агенттігі.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 601
Фото - Caravan.kz

«Косово оқиғасы қазіргі заманғы халықаралық қарым-қатынастағы ең жанға бататын проблема болмақ, ол әлемнің құрылымын ұйымдастыру және мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарды ұйымдастыру жүйесіне күмән тудырады «, — деді Д. Назарбаева.

«Бүгін біз әлемді Косовоға дейінгі және Косоводан кейінгі деп ажырата аламыз», деді форумды ұйымдастыру комитетінің төрайымы.

Оның айтуынша, XXI ғасырдың басы осы тектес бірнеше өзгеше оқиғаны алып келді. Д. Назарбаеваның пікірінше, осындай прецедент ретінде Ирактағы соғыс пен 11 қыркүйек трагедиясын атауға болады.

«Бүгін осы оқиғалардың қатарына экономикадағы ғаламдық тауқыметтер қосылды. Әлемдік азық-түлік дағдарысы мен оған сабақтаса келген азық-түлік өнімдері бағасының шарықтауы бізді халықаралық ұйымдардың ролі мен орнына және халықаралық қарым-қатынастардың гуманитарлық жағына басқаша көзқарас тұрғысынан қарауға мәжбүрлейді», — деді Д. Назарбаева.

Оның айтуынша, дамушы елдердегі аштық қаупі бүкіл адамзаттың ортақ тауқыметі болмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті