Оның айтуынша, әзірге уәде етілген төлемдер төленбеген. Естеріңізге сала кетсек, «Сәтбаев атындағы канал» РМК бөлімшесінің директоры Бекет Қажығалиев ұжымдық жиналыста қызметкерлерден қарсылық акциясын (аштық жариялауды) өткізбеуді және елді мекендерге су жіберуді тоқтатпауды өтінген. Бұл ретте ол жалақы бойынша қарыз 21 сәуірден бастап төленетініне уәде берген. Соңғы мерзім — сәрсенбі.
Жалақының төленбеуіне қарамастан канал қызметкерлері қаржылық мәселелердің қиындығын түсіне отырып өздерінің қарсылық акциясын 28 сәуірге шегерді.
«Сәтбаев атындағы канал» РМК Қарағанды бөлімшесі қызметкерлеріне ғана жалақы бойынша 47 млн теңге қарызы бар. Павлодар бөлімшесіне де дәл осындай сомаға қарыз болып отыр.
Естеріңізге сала кетсек, 2008 жылдың 11 сәуірінде Сәтбаев атындағы каналдың қызметкерлері жалпы жиналыста аштық жариялап, Астана, Қарағанды мен Теміртауға су жіберуді тоқтатқылары келетінін жариялаған еді.
Себеп — соңғы 10 жылдан бері канал қызметкерлері айлақ жалақыны анда-санда алады және соңғы үш айдан бері соқыр тиын да алмаған.
«Сәтбаев атындағы канал» РМК бас директоры Мейірбек Егенов судың негізгі тұтынушылары («Екібастұз Су» ЖШС мен «Қарағанды Су» ЖШС) каналға 400 млн теңге және 700 млн теңге қарыздар болғанын түсіндірді.
«Қарағанды Су» ЖШС қаржылық-экономикалық бөлімінің бастығы Наталья Филина бірнеше жылдың қарызын олар өздігінен жаба алмайтынын айтты. Оларға жергілікті атқарушы биліктің көмегі қажет.
Уәдеден шаршаған халық өз мерзімдерін белгіледі. Егер де 20 сәуірге дейін жалақы қарызы жабылмаса адамдардың кейбірі аштық жариялайды. Ал бастысы олар елді мекендерге су жіберуді тоқтатады.
Алайда жұма күні оларды сәрсенбіге дейін акцияны өткізбеуге көндірудің сәті түсті.
Сәтбаев атындағы канал 2003 жылы Париж қаласында апатсыз, үздіксіз және таза су беруіне орай арнайы жүлдеге ие болған әлемдегі теңдессіз құрылыс. «Сәтбаев атындағы канал» РМК 2000 адам жұмыс істейді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті