Мұнайдың негізгі сорттарына белгіленген баға айтарлықтай өсімді көрсетті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мұнайдың негізгі сорттарына белгіленген баға айтарлықтай өсімді көрсетті

Мұнайдың негізгі сорттарына белгіленген баға айтарлықтай өсімді көрсетті

Мәскеу. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Мұнайдың негізгі сорттарына белгіленген баға айтарлықтай өсімді көрсетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ОМТ-Консалт" компаниялар тобының хабарына сілтеме жасай отырып.

  • 24 Сәуiр 2008
  • 409
Фото - Caravan.kz

Хабарламада атап көрсетілгендей, Нью-Йорк тауар биржасындағы (New York Mercantile Exchange, NYMEX) сауда сессиясының қорытындысы бойынша мұнай бағасы жаңа рекордқа қол жеткізді (Light Sweet маркалы мұнайдың маусым айындағы фьючерсінің құны соңғы саудалар барысында барреліне $117,18-ді құрады — агенттік ескертуі).

«Мұнай бағасы АҚШ долларының евроға шаққандағы бағасының ең құлдыраған кезінде көтеріліп отыр», деп түсіндіреді «ОМТ-Консалт».

Компания ақпаратына сүйенсек, Нигериядағы жағдай трейдерлерді қатты алаңдатуда. Royal Dutch Shell Plc. компаниясы Нигерияда басқыншылардың шабуылына байланысты күніне шамамен 169 мың баррель мұнай алуды тоқтатқан.

Мұнай бағасының қымбаттауы мен Еуропаның монетарлық билігінің бар күші инфляциямен күреске жұмылдырылуы керек деп есептейтін Еуропаның орталық банкінің жоғары лауазымды өкілдерінің мәлімдемесінен кейін АҚШ доллары евроға қатысты ең құлдырау шегіне жеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті