«Қабылданып жатқан шаралар болған апаттардың салдарын ғана жоюға арналған. Ол апаттардың қайталануы да ғажап емес», — деді облыс прокуроры.
«Шахталарда музейге қойылуы тиіс құралдар әлі де пайдаланылуда. Олардың тозуы баяғыда 100 пайыздан асып кеткен», — деді облыстық прокуратура басқармасының бастығы Гүлнар Бижанова.
Оның айтуынша, мұндай тұтынушылық ұстаным нәтижесінде 5 жылдан кейін шахталардың әрі қарай жұмыс істеу мәселесі күн тәртібіне қойылуы ықтимал».
«Компанияның «қалай болса да табыс табу» талабы ескірген құралдарға күш түсірген. Мұндай жағдайлар кеншілердің саналы түрде қауіпсіздік техникасын сақтамауына итермелейді», — деді Г. Бижанова.
Қазіргі уақытта облыс прокуратурасы меншік иесінің шахталардағы құралдарды жаңарту бойынша инвестициялық міндеттемесін орындауына тексеру жүргізген.
Компанияның барлық шахталарында кеншілердің еңбек құқы бұзылған. Оларды дұрыс оқытпаған. Кәсіби аурулардың саны азайтылып көрсетілген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті