ҚР президенті Ұлттық банкке инфляцияны тежеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР президенті Ұлттық банкке инфляцияны тежеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды

ҚР президенті Ұлттық банкке инфляцияны тежеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банкке инфляцияны тежеу және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық Банктің, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің және Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылғы жұмыс нәтижесі жөніндегі есептеріне арналған мәжілісте мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 643
Фото - Caravan.kz

«Президент Ұлттық банктің инфляцияны тежеуге қатысты қызметін арттыру қажеттігін және бұл міндетті еліміздегі қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етумен бір қатардағы аса маңызды міндеттердің бірі ретінде атап өтті», — деп көрсетілген баспасөз релизінде.

Құжатта хабарлағандай, Ұлттық банк төрағасы Ә.Сайденов Ұлттық банктің 2007 жылғы жұмыс нәтижесі жөнінде есеп берді. Жалпы Ұлттық банк төрағасының сөзіне қарағанда 2007 жылдың екінші жартыжылдығында орын алған қиыншылықтарға қарамастан қазақстандық банк жүйесі, жалпы отандық қаржы жүйесі әлемдік нарықтағы тұрақсыздықты табысты өткерді.

Баға өсімі жөнінде сөз қозғаған Ұлттық банк басшысы 2007 жылғы инфляцияның елеулі факторы ретінде әлемдік нарықта орын алған азық-түлік, энергия тасымалы, сондай-ақ бірқатар монетарлық факторлардың жағдаятын атап өтті. Соған қарамастан, Ұлттық банк басшысы атап көрсеткендей, 2008 жылдың І тоқсанының өзінде баға өсімінің қарқыны төмендеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті