Мемлекет басшысы Қаржылық қадағалау агенттігіне банк жүйесі жағдайын мониторингілеуді күшейтуді тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы Қаржылық қадағалау агенттігіне банк жүйесі жағдайын мониторингілеуді күшейтуді тапсырды

Мемлекет басшысы Қаржылық қадағалау агенттігіне банк жүйесі жағдайын мониторингілеуді күшейтуді тапсырды

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі банк жүйесі жағдайын мониторингілеуді күшейтуі қажет. Ұлттық Банктің, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің және Алматы қаласының аймақтық қаржылық орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2007 жылғы жұмыс нәтижесі жөніндегі есептеріне арналған мәжілісте Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Президент Агенттіктің банк жүйесі жағдайын мониторингілеу жұмысын және агенттіктің институционалдық мүмкіндіктерін күшейтуге қатысты міндеттерді қойды. Сондай-ақ, тез арада Агенттіктің өкілеттілігін күшейтуге бағытталған заңды әзірлеп, қабылдау қажеттігіне тоқталды», — деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметі хабардар еткендей, Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің төрайымы Елена Бахмутова өз баяндамасында 2007 жылғы активтер мен БВУ кредит портфелінің өсу қарқыны біршама бәсеңдегені жөнінде және қаржылық тұрақтылықты бағалау жүйесін әзірлеуге қатысты агенттікпен қабылданған іс-шаралар жөнінде айтып өтті. «Агенттік төрайымының пікірінше, агенттік алдына қойылған міндеттерді шешу үшін осы органның функционалдық қызметін жүйелі түрде нығайту қажет», — деп көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті