БҰҰ шегірткемен күрес үшін Тәжікстанға 500 мың доллар бөледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ шегірткемен күрес үшін Тәжікстанға 500 мың доллар бөледі

БҰҰ шегірткемен күрес үшін Тәжікстанға 500 мың доллар бөледі

Душанбе. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық қызмет жөніндегі орынбасары Джон Холмс шегірткемен күресу үшін Тәжікстан үкіметіне жедел көмек көрсету мақсатында донорлар қаржыландыратын Орталық резервтік қордан 500 мың доллар бөлу жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 505
Фото - Caravan.kz

БҰҰ Даму бағдарламасының Тәжікстандағы кеңсесінде бұл қаражат шегірткенің әрі қарай таралуына жол бермеу үшін пайдаланылмақ.

«БҰҰ биылғы жылдың ақпанында 25 млн АҚШ доллары көлеміндегі халықаралық көмек көрсетуге шақырған. Қазіргі сәтте БҰҰ жүйесінің агенттіктері елдегі жағдайды ескере отырып осы шақырудың мазмұнын қарастыруда. Қазіргі таңда шақыруға енгізілген жобалар қаржыландырудың қажетті мөлшерінің 44 пайызын ғана алды», — деп хабарлады БҰҰ Даму бағдарламасы.

2006 жылдың 9 наурызында құрылғанынан бастап Орталық резервтік қор стихиялық апаттар мен қарулы қақтығыстардың салдарын жою үшін 60 елдегі гуманитарлық жобаларға 750,4 млн АҚШ долларын бөлген. Қаңтар айынан бері қор жедел әрекет ету қажеттіліктеріне шұғыл грант түрінде 17 ел үшін 65,9 млн доллар бөлген. Ал 84,7 млн доллар қаржыландыру аса жетіспеген 14 елге бөлінген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті