Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігі оңтүстіктегі екі цемент және екі болат балқыту зауыты жобасын жүзеге асырумен айналысып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігі оңтүстіктегі екі цемент және екі болат балқыту зауыты жобасын жүзеге асырумен айналысып жатыр

Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігі оңтүстіктегі екі цемент және екі болат балқыту зауыты жобасын жүзеге асырумен айналысып жатыр

Бішкек. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 1991 жылмен салыстырғанда өнеркәсіптің ЖІӨ-дегі үлесі 13 пайызға қысқарған. Бұл туралы Бішкек қаласында өткен баспасөз мәслихатында Қырғызстанның Өнеркәсіп, энергетика және отын ресурстары министрлігінің Өнеркәсіп пен отын ресурстары басқармасының бастығы Жээнбек Садықов мәлімдеді.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 851
Фото - Caravan.kz

«Өнеркәсіп қазіргі күні 15 жыл бұрынғыдай дами алмай отыр. Дегенмен, жанданып келеді. Жаңа күшпен өз жұмысын қайта тірілтіп жатқан салалар бар», — деді ол.

Ж. Садықов қазір өнеркәсіп тоқыма-тігін, құрылыс материалдарын өндіру, металлургия, электрлі техника, пайдалы қазбаларды өндіру секілді салаларға бағытталғанын атап өтті.

«ЖІӨ-дегі өнеркәсіп үлесі 1991 жылы 46% құраған. Бірақ ол былтырғы жылдың нәтижесі бойынша 13% дейін түсті», — деді ол.

Ж. Садықов 2007 жылы 59 млрд сомның өнеркәсіп өнімі өндірілсе, биыл ол 60 млрд сом межесіне жоспарланып отыр. Ол сонымен бірге инвестициясыз жаңа өндіріс орындарын көтеру және ескі өндірісті қайта жандандыру мүмкін еместігін атап өтті.

«Сол себепті министрлік инвестиция тартуға және ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға аса көп көңіл бөледі», — деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті