Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісімді бекітті

Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісімді бекітті

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісім мен Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жолдарын техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы бекіту жөніндегі" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 598
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, келісім қатысушы елдердің темір жолдарын жүк тасымалын жүзеге асыру мен үздіксіз әрі тұрақты жұмыс істеуге жан-жақты дайындауды қамтамасыз етудің тәжірибелік шараларын қабылдау үшін жасалған.

Келісімде қатысушы елдердің Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің темір жол желілеріндені басты бағыттарды техникалық бүркемелеудің біртұтас жүйесін құүруды қарастырады. Келісімге сәйкес техникалық бүркемелеудің біртұтас жоспарын жасап келісетін мемлекетаралық жұмыс тобын құру көзделген.

«Келісімнің 3 бабына сәйкес, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдер техникалық бүркемелеу шараларын жүзеге асыру мен жоспарлауды үйлестіру және темір жолдарды қалпына келтіру, осы келісімді жүзеге асыру мен ұйымның ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің темір жол әскерлері мен тараптардың арнаулы құрылымдарын пайдалану жөніндегі шешімдерді жүзеге асыру РФ Федералдық темір жол әскері қызметіне «, — делінген қорытындыда.

Келісімге 2003 жылдың 23 сәуірінде Душанбеде қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті