Президент "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заңға қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президент "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заңға қойды

Президент "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заңға қойды

Астана. 25-сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "БҰҰ-ның теңізбен жүк тасымалдау жөніндегі 1978 жылғы конвенциясын бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 439
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, конвенцияда теңізбен жүк тасымалдауға қатысты кейбір ережелер белгіленеді. Конвенция ережелері кеменің, тасымалдаушының, жүк жіберушінің немесе жүкті қабылдап алушының ұлтына , еліне қарамастан қолданылады.

Конвенцияның 9 бабында жүкті кеменің ашық палубасында тасымалдау шарттары айқындалады. Құжатқа сәйкес, жүк тасымалдаушы мен жүк жіберуші арасындағы келісім бойынша ғана, немесе, бұған заңнамалық нормалар мен ережелерге сәйкес талап етілген жағдайда ғана ашық палубада тасымалданады.

«Конвенцияға кез-келген қатысушы мемлекет денонсация жасай алады. Денонсация ол туралы хабарландыру бергеннен бір жыл өткенде өз күшіне енеді», — делінген қорытындыда.

Конвенцияға 1978 жылдың 31 наурызында Гамбургте қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті