Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы «Зенит-3SLB» зымыран тасығышының ұшырылым уақыты бүгін мемлекеттік комиссияның отырысында анықталады.
Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған «Зенит-3SLB» зымыран тасығышының ұшырылымы 24 сәуірге белгіленген уақыты кеше кейінге қалдырылды. Ұшырылымның кейінге шегеруі зымыраннан транспортты қондырғы агрегатының алынбағаны себеп болған. Арнайы тексеру жұмыстарын жүргізетін мамандар нақты себеп салдарын анықтап, мемлекеттік комиссияға қорытындысын тапсырады. Содан кейін ұшырылымнан жаңа уақыты белгіленеді.
Байқоңырдан «Зенит-3SLB» зымыран тасығышының ұшырылымы бес жыл бойы жасалмай,биыл бірінші рет ұшырылады. Оның ұшырылымы «Жер үсті ұшырылымы» деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады. «Sea Launch» («Теңіздегі ұшырылым») бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын «Зенит-3SL» зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.
Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті