Көксарай су қоймасының құрылысы 1 маусымда басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көксарай су қоймасының құрылысы 1 маусымда басталады

Көксарай су қоймасының құрылысы 1 маусымда басталады

Шымкент. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Қазақстан облысында Көксарай контррегуляторының 1 маусымда басталатын құрылыстарының дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы кеше облыстық мәслихатының жиналысында ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің "Қазселден қорғау" жетекшісі Тоқтарбек Баймолдаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 593
Фото - Caravan.kz

» Бүгінгі кезде біз жұмысшылар қалашығын, сумен қамтамасыз ету, электр қуаты желісі мен техникалық жағдайларды анықтап жатырмыз», — деп хабарлады Т. Баймолдаев.

«Қазселден қорғау» жетекшісі айтқанындай, Көксарай су қоймасының құрылысы қарқынды жылдамдықпен жүргізіледі. Биліктегілер үлкен көлемде құрылыс күштерін жұмылдырмақшы. ҚР ТЖМ құрылыс жұмыстарын бақылайтын болады.

Т. Баймолдаев сондай-ақ, контррегулятордың техникалық параметрлерін хабарлады. Жоба бойынша су қоймасының тереңдігі 6,5 метрді құрап, 44 шақырымға созылатын бөгенмен қоршалатын болады. Алдын ала мәліметтер бойынша Көксарайда шамамен 3 млрд текше метр көлемінде суды сақтауға болады.

«Су қоймасы су тасқыны болған кезеңде 1,5-2 ай бойы жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында ол сумен толтырылып, кейін Сырдарияның сағасына тасталып отыратын болады «, — деп хабарлады Т. Баймолдаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті