«Парламент кешегі отырыста Әзербайжанмен арадағы келісімді бекітті, онда мұнай өнімдерін тасымалдаудың Қазақстан -Каспий жүйесін құруды жеделдету көзделген», -деді С. Мыңбаев.
«Жоба уақытылы жүзеге асырылған жағдайда біздің мұнайды БТЖ жүйесіне жеткізу көлемі жылына 23 млн тоннаны құрайды», -деді ол.
«Жүйені құрудың тұжырымдамалық бөлігі құқықтық тұрғыда толық реттелген және енді біз ұлттық компаниялардың деңгейінде техникалық уағдаластықты жеделдете атқаруға тырысатын боламыз», — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті