Қаржы полициясы Астана қалалық прокуратурасының кәсіпкерлерді заңсыз тексерді деген айыбын негізсіз деп санайды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы Астана қалалық прокуратурасының кәсіпкерлерді заңсыз тексерді деген айыбын негізсіз деп санайды

Қаржы полициясы Астана қалалық прокуратурасының кәсіпкерлерді заңсыз тексерді деген айыбын негізсіз деп санайды

Астана. 25 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қаржы полициясы Астана қалалық прокуратурасының кәсіпкерлерді заңсыз тексерді деген айыбын негізсіз деп санайды. Бұл туралы Астана қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің бастығы Абзал Кәрімов бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды агентік тілшісі.

  • 25 Сәуiр 2008
  • 378
Фото - Caravan.kz

«Біз бұл оқиғаның анық-қанығын анықтадық, деректер расталған жоқ», — деді А. Кәрімов. «Прокуратура жария еткен деректер былтыр мораторий жарияланбай тұрып шыққан», — деді ол.

Астана қалалық экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінің бастығының атап көрсетуінше, «президент жария еткен мораторий сақталуда». «Қазір біздің департамент жазатын әрбір нұсқау мұқият қаралады және оны ішкі қаіпсіздік қызметкерлері қадағалайды», — деп мәлімдеді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сәрсенбі күні қалалық прокуратура Астананың қаржы полициясын шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін заңсыз тексерді деп айыптаған болатын. «Қаржы полициясы қызметкерлері жүргізген тексерулер материалына жүргізілген зерттеулер көп жағдайда олардың негізсіз тағайындалып, жүргізілгенін көрсетті», -деп мәлімдеді прокуратурадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті