Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кездесу барысында Қазақстан мен Грузия арасындағы екі жақты сауда-экономикалық қарым-қатынастарды дамыту перспективалары талқыланды.
Тараптар Қазақстан инвестициясының Грузия экономикасына қатысу мәселесін талқылады. Кездесу кезінде көлік, энергетикалық сектор, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мәселелері қозғалды.
Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Кәрім Мәсімов бүгін «Total Exploration and Production» компаниясының президенті Ив-Луи Даррикаррермен кездесті.
Тараптар мұнайгаз саласындағы ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін, атап айтқанда, компанияның қазақстандық кен орындарын игеру жобаларына қатысуын және елімізде оның қызметін дамыту перспективасын талқылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті