Алматыда жол көлік апаты салдарынан екі адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда жол көлік апаты салдарынан екі адам қаза болды

Алматыда жол көлік апаты салдарынан екі адам қаза болды

Алматы. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда жол көлік апаты салдарынан екі адам қаза болды, деп хабарлайды агенттік "Алматы құтқару қызметінің" баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 373
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша 27 сәуірде 13 сағат 04 минутта «Тойота» көлігінің жүргізушісі жолдан өтпекші болған әйелді қағып өткен. Медициналық жедел жәрдем ауруханасына апара жатқан жолда жарақат алған әйел көз жұмды.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Райымбек даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысқан жерінде 27 сәуірде 20 сағат 20 минутта «Субару» көлігінің жүргізушісі жолаушыны қағып өтіп, ол жедел медициналық көмек қызметі келгенінше оқиға орнында көз жұмды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті