Алматыда "КамАЗ" көлігі жай үйді соғу салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда "КамАЗ" көлігі жай үйді соғу салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Алматыда "КамАЗ" көлігі жай үйді соғу салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті

Алматы. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алматыда "КамАЗ" көлігі жай үйді соғу салдарынан бір адам қаза тауып, үшеуі зардап шекті, деп хабарлайды агенттік Алматы қалалық құтқару қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 25 сәуірде 17 сағат 24 минутта Медеу ауданында Тәттімбет көшесінде «КамАЗ»автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тежегіші істен шығу салдарынан тізгінге ие бола алмай, жай үйге соғылды.

Оқыс оқиғаның салдарынан үй бүлініп, үш адам жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, үйіндіні аршыған кезде бір адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті