Газеттің хабарлауынша, баға ешқандай ескертусіз үш есеге қымбаттаған. Ал Еуропадан әкелінетін ескі көліктің бағалау құнының артуы міндетті түрде кедендік төлем бағасын көтереді. Бұл дегеніміз машина тасумен айналысатындар бағаны көтерулері тиіс деген сөз.
Бұл ретте көлік тасушылардың айтуынша, олар зор шығын көреді. «Кеден алынбас қамалға айналған. Брокерлік делдал фирмалармен қоршалып алынған. Өзгерістер туралы ешқандай ескерту немесе жариялау деген жоқ! Барлығы құпия түрде жасалып, кенет жарияланады! Сөйте тұра ешқандай да түсініктеме берілмейді!», — дейді олар.
«Көліктердің бағалау құны жылына 1-2 рет қымбаттайды. Дегенмен, бұрнағы күні болған оқиға шыдам аясынан шығып кетті», — деп газет наразы адамдардың сөзін келтірген.
Сондай-ақ, басылым көлік тасымалдаушылар ұсынған Еуропадан әкелінетін көліктердің кедендік бағасын келтірген. Оған сәйкес егер 14 сәуір күні 1993 жылы шығарылған «Мазда» бағасы $450 болса, 4 күн өткеннен кейін 900 евро (!) болған. Ал 1991 жылы шыққан «Аудидің» кедендік құны $450-ден 2150 евроға қымбаттап шыға келген.
Өз кезегінде Ақтөбе облысының кедендік бақылау департаментінің кедендік баға сараптамасын тарифтік реттеу бөлімінің бастығы Гүлнара Қалиева қалыптасқан жағдайды тоқсан сайын республиканың Кедендік бақылау комитеті тарататын жаңа бағалық ақпарат арқылы түсіндіруде.
«18 сәуір күні мұндай ақпарат 1988 — 1995 жылғы көліктерге қатысты келді. Бұл жоғарыдағы инстанцияның бұйрығы. Оны орындамауға біздің қақымыз жоқ», — деп көрсетілген басылым беттерінде бөлім бастығының айтқан сөздері.
Сонымен бірге, болған оқиға туралы мүдделі тұлғалар алдын-ала хабарланды ма деген редакция сауалына Г. Қалиева: «жоқ», деп жауап берді.
«Эврика» газетіне түсініктеме берген Кедендік бақылау комитетінің кедендік табыстар басқармасының бастығы Елена Канашкина комитет шартты бағаларды қалыптастыратынын жеткізді. Ол сосын комитеттің аумақтық бөлімшелеріне таратылады. Және кедендік жүк декларацияларында бар баға нагізінде негізгі баға қалыптасады.
Оның айтуынша, кедендік органдарға бағыт-бағдар беру үшін шартты бағалар жөнелтіледі. Ол баға көтерілуіне еш әсер ете алмайды.
Сол уақытта кеден комитетінің өкілдерінің берген жауаптарына қанағаттанбаған жүргізушілер қалыптасқан жағдайға назар аудару жөнінде Ақтөбе облысының прокурорына хат жолдады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті