Семейде 26 студенттің ата-аналары "Теплокоммунэнерго" МҚК басшылығынан қарыздарын өтеуді талап етуде - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде 26 студенттің ата-аналары "Теплокоммунэнерго" МҚК басшылығынан қарыздарын өтеуді талап етуде

Семейде 26 студенттің ата-аналары "Теплокоммунэнерго" МҚК басшылығынан қарыздарын өтеуді талап етуде

Семей. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Семейде мақсаттық бағдарлама бойынша қабылданған 26 студенттің ата-аналары "Теплокоммунэнерго" МҚК басшылығынан жергілікті университеттегі оқу ақысының қарызын төлеуді талап етуде, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 501
Фото - Caravan.kz

Ата-аналардың айтуынша, өткен жылдың тамыз айында «Теплокоммунэнерго» жергілікті университетпен келісіп, өздеріне өз қаржылары есебінен маман дайындауды шешкен. Содан «Жылу энергетика» факультетіне 26 түлек түскен. Содан бері 8 ай өтсе де коммуналдық кәсіпорын оқу ақысын төлемеген.

«Ата-аналардың ешқайсысы оларды күштеген емес. Университет қабырғасына жарнама жапсырған өздері. Біз оны оқыдық, заң мен байқау негізінде балаларымыз іріктелді. Үш жақты келісім жасалды. Ата-аналар, университет ректоры және «Теплокоммунэнерго» МҚК басшылығы қол қойды», — деп түсіндірді студенттердің бірінің анасы Раиса Рахымбекова.

Ата-аналардың мәліметтеріне сүйенсек, балаларды оқуға қазірдің өзінде жіберер емес. Оларды оқудан шығару жөніндегі бұйрық дайындалып жатыр.

Сондай-ақ, ата-аналармен кезекті кездесуі кезінде «Теплокоммунэнерго» МҚК директоры кәсіпорынның банкрот болғанын және сот болмайынша, қарыздарын қайтара алмайтынын хабарлаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті