Зерттеу аясында мынадай сұрақ қойылған: «Соңғы 12 айдың ішінде сізде өз отбасыңызға азық сатып ала алмаған күндеріңіз болды ма?». Бұл сұраққа еуропалықтардың 10, азиялықтардың 25, латын америкалықтардың 29 және африкалықтардың 54 пайызы иә деп жауап берген.
Еуропада басқаларына қарағанда жағдай тәуір. Бұл өңірде азық мәселесі бұрынғы кеңес мемлекеттері мен Балқан түбегі елдерінде өзекті болып тұр. Молдова мен Болгария (әрқайсысы 35%), Украина (34%) мен Румынияда аш адамдар көп тұратын болып шықты (33%). Ресейде олар 23%, Беларуссияда — 22%, Латвияда — 18%, Эстонияда — 12%, Литвада — 10%. Косово мен Польшада — 18 пайыздан, Венгрияда — 15%, Ұлыбританияда — 11%, Франция, Португалия мен Словакияда — 10%, Грекия мен Испанияда — 9%, Италияда — 8%, Германия мен Швецияда — 7%. Ал аш адамдары ең аз Австрия (3%), Ирландия (4%), Нидерланды (4%) мен Финляндия (5%) елдері болып табылады.
Азияда әлем кедейлерінің ұштен бір тұрады (яки, күніне 1 долларға жетпейтін ақшаға өмір сүретіндер). Сауалнама Филиппиндер (64%), Камбоджа (58%) мен Грузияда (55%) аш адамдардың көп екенін көрсетті. Тәжікстанда 41%, Өзбекстан мен Әзербайжанда 37%, Қырғызстанда — 33%, Қазақстанда — 28%, Арменияда — 26%. Аш адамдары ең аз мемлекеттер Сингапур (4%), Жапония, Кувейт және БАӘ (әрқайсысында 6 пайыздан). Палестинада 38%, Түркия, Иран мен Үндістанда -26% келсе, Израиль мен Оңтүстік Кореяда — 12%, Австралия, Гонконг, Жаңа Зеландия мен Малайзияда — 9 пайыздан келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті