Баспасөз хатшысының айтуынша арасында екі қыз бар жеті жасөспірім орталықтан қашуды ұйымдастырып, назар аударту үшін өзара төбелскен. «Сосын олар шуға келген екі инспекторды — бір әйел, бір еркекті металл затпен жарақаттаған», — деді С. Қаракөзова.
Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, 38 жастағы инспектордың жағдайы ауыр: омыртқасы зақымданған. Әйел адам ауыр жарақат алмаған.
С. Қаракөзова алты жасөспірім сол күні, соңғысы келер күні қамауға алынғанын хабарлады.
Аталмыш оқиға бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті