Қырғызстан Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекара туралы келісімді бекітті - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекара туралы келісімді бекітті

Қырғызстан Қазақстанмен арадағы мемлекеттік шекара туралы келісімді бекітті

Бішкек. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан президенті Құрманбек Бакиев "Қырғызстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қырғыз-қазақ мемлекеттік шекарасы жөніндегі келісімді бекіту туралы" заңға қол қойды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

Заң тараптар 2001 жылдың 15 желтоқсанында Астанада қол қойған келісімді бекітуді қарастырады, деп атап көрсетті баспасөз қызметі. Осыған байланысты Қырғыз Республикасының үкіметіне аталмыш құжатқа республиканың Талас облысы Қарабура ауданы Көксай мекені және Бішкек — Торугарт жолының Шу облысы Ысыката ауданы Достық ауылы маңындағы айналма бөлігі бойынша өзгертулер енгізу мүмкіндігі жайында Қазақстанмен тиісті келіссөздер жүргізу тапсырылды.

Заң бойынша Сыртқы істер министрлігіне ратификациялық грамоталармен алмасу тапсырылды. Заң қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті