Қызылордада қалалық су арнасының қызметіне уақытша компенсациялық тариф енгізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордада қалалық су арнасының қызметіне уақытша компенсациялық тариф енгізіледі

Қызылордада қалалық су арнасының қызметіне уақытша компенсациялық тариф енгізіледі

Қызылорда. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қызылордада 1 мамырдан бастап "Қызылорда су жүйесі" қалалық су арнасының қызметіне уақытша компенсациялық тариф енгізіледі, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қызылорда облысы бойынша ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігі департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 693
Фото - Caravan.kz

Қалалық су арнасы қызметін тексеру кезінде анықталғанындай, өткен жылы «сумен қамтамасыз ету қызметінің бекітілген тарифтік сметасындағы бағалар ауытқып 5155,2 мың теңгені құраған, ал ағынды сулар бойынша 3684.9 мың теңге мөлшерін көрсеткен. Ал жөндеу жұмыстары мен жаңа жобаларды жүзеге асыруға арналып, жиналып отырған 1403 мың теңге мөлшеріндегі амортизациялық төлемдер жиһаздар мен техниканы сатып алуға жұмсалып отырған».

«Тұтынушылардың шығындарын қайтарып беру мақсатында (14 млн 294 тың теңге) 1 мамырдан бастап «Қызылорда су жүйесі» ҚСА бір текше метр суды беру қызметіне ҚҚС қоса есептегенде 23,15 теңге және ағынды судың бір текше метріне 16,53 теңге мөлшерінде уақытша компенсациялық тарифтер енгізіледі «, — деп түсіндірді облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің директоры Нұрлан Пірімов. Оның ақпараты бойынша,»қалалық суарнасының тарату желілерінде судың нормативтік техникалық шығыны 13,9 пайыз көлемінде белгіленді. Ал бұрынғы 29,63 пайызбен белгіленген шығындар бүгінде 15,73 пайызға төмендеген».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті