ТМРА делегациясы Аймақтық энергетиканы реттеу қауымдастығы органдарының отырысында энергетикалық нарықты реттеу мәселелерін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМРА делегациясы Аймақтық энергетиканы реттеу қауымдастығы органдарының отырысында энергетикалық нарықты реттеу мәселелерін талқылады

ТМРА делегациясы Аймақтық энергетиканы реттеу қауымдастығы органдарының отырысында энергетикалық нарықты реттеу мәселелерін талқылады

Алматы. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің делегациясы (ТМРА) Аймақтық энергетиканы реттеу органдары қауымдастығының жыл сайын өткізілетін жиналысына және Будапештте 21 -25 сәуір аралығында өткен отырысына қатысты, деп хабарлайды агенттік ТМРА баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 28 Сәуiр 2008
  • 490
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, қатысушылар энергетика нарығын реттеудің бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, ұйым мүшесі болып отырған әрбір мемлекеттің осы саладағы жағдайы сарапталып сондай-ақ бұл мемлекеттердің реттеу органдарының жұмысында кездесетін қиыншылық тұстары қарастырылды.

«24 сәуірде қауымдастыққа қатысушы мемлекеттердің реттеу органдары төрағаларының отырысында ҚР ТМРА төрағасы Нұрлан Алдабергенов баяндама жасап, онда агенттік қызметінің негізгі бағыттары бойынша ақпарат беріп, нарықта реттеліп отырған секторлардағы басты үрдістер жөнінде баяндады «, — деп хабарлады ТМРА баспасөз қызметі.

«Бұл шара коммуналдық кәсіпорындар, қаржы және стратегиялық инвесторларға және энергетика саласы мамандарына 25 елді аймақтың 100 -ден аса энергетиканы реттеу органдарымен пікір алмасуына мүмкіндік береді», — деп атап өтті Н. Алдабергенов.

Аймақтық энергетиканы реттеу органдары қауымдастығы Еуропа мен Азияның 15 мемлекетінің энергетиканы реттеу органдары шешімімен 2000 жылдың желтоқсан айында құрылды.Аймақтық энергетиканы реттеу органдары қауымдастығының басты мақсаты ұйымға мүше мемлекеттердің энергетиканы реттеу процестерін жетілдіру, энергетиканы реттеу мәселесі бойынша құзыры жеткілікті органдардың тұрақты әрі еркін дамуына септігін тигізіп, олардың арасындағы ынтымақтастықты нығайту болып табылады. Бүгінгі күні ұйымның құрамына Орталық және Шығыс Еуропаның және ТМД 20 мемлекетінің реттеу органдары кіріп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті