«Бангкокте сәуірдің 28 мен 30 аралығында БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) 64-ші сессиясы өтеді. Оған Қазақстан Республикасының сыртқы істер вице-министрі Нұрлан Дәненов басқарған еліміздің өкілдері қатысады», — деді Е. Ашықбаев.
Оның айтуынша, сессия барысында Н. Даненов «министрлердің дөңгелек үстелінде «Азия-тынық мұхиты аймағы елдеріндегі мемлекеттердің энергетикалық қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы»тақырыбында сөз сөйлейді, сондай-ақ, «Азия және Тынық мұхиты аймағының елдеріне арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясының аймағында мыңжылдық даму мақсаттарына қол жеткізу» атты арнаулы отырыста сөз алады».
«64- сессия аясында Қазақстан делегациясы атқарушы хатшы Нойлен Хейзермен және комиссияға мүше елдердің делегацияларының басшыларымен жүздесуді жоспарлап отыр», — деді Е. Ашықбаев.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті