«Президент әкімшілігінің жетекшісі Дархан Қалетаев басқарған Қазақстан делегациясы 28 — 30 сәуірде жұмыс сапарымен Сингапур Республикасына барады. Сапардың басты мақсаты — мемлекеттік басқару және жоспарлау саласы бойынша Сингапурдың тәжірибесін зерттеу, сондай-ақ, тиісті органдардың басшылығымен екі жақты келіссөздер жүргізу», -деді Е. Ашықбаев.
Оның хабарлауынша, «сапар аясында Қазақстан өкілдері танысу мақсатымен «Биополис» технопаркінде, Джуронг аралындағы өнеркәсіптік аймақ пен Кеппел айлағында болады».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті