Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мұндай тапсырманы бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов шағын және орта бизнес үшін әкімшілік кедергілерді жою және бизнес-климатты жақсарту жөніндегі комиссияның отырысында берді.
«Мемлекеттік органдардың өкілдері отырысқа қатысушыларды кәсіпкерлік бірлестіктер мен халықаралық үкіметтік емес ұйымдардың ұсыныстары мен ұстанымдары бойынша әзірленген нақты іс-шаралармен таныстырды. Атап айтқанда, талқылауға құрылыс жүргізуге, сондай-ақ кедендік үдерістерге рұқсат алу, кәсіпорандар мен жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде шағын жәна орта бизнес өкілдері тарапынан туындайтын маңызды проблемаларды шешу жөніндегі іс-шараларды енгізді»,- делінген хабарламада.
ҚР үкіметі жанынан құрылған ведомствоаралық консультативтік-кеңесші орган болып табылатын комиссияның негізгі мақсаты кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін әкімшілік кедергілерді төмендету жөнінде шаралар және мемлекет пен бизнес-қоғамдастығы арасында үйлесімді ұстаным әзірлеу болып табылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті