2007 жылы Қазақстан теміржолының магистральдық желілеріндегі еңбек қауіпсіздігін қорғау жағдайы жақсарған - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2007 жылы Қазақстан теміржолының магистральдық желілеріндегі еңбек қауіпсіздігін қорғау жағдайы жақсарған

2007 жылы Қазақстан теміржолының магистральдық желілеріндегі еңбек қауіпсіздігін қорғау жағдайы жақсарған

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - 2007 жылы "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ магистральдық желісінің дирекциясы бойынша еңбек қауіпсіздігін қорғау жағдайы жақсарған. Өндірістік жарақаттанушылық саны 20 пайызға азайған. Бұл Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне орайластыра өткізілген "Кәсіби тәуекелді басқару" семинар кеңесінде атап өтілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Сәуiр 2008
  • 507
Фото - Caravan.kz

«2008 жылдың алғашқы тоқсанында дирекция бойынша 1 оқиға болды. 2007 жылдың осындай мерзімінде 3 оқиға тіркелген», — деп көрсетілген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, өткен жылы адам еңбегін жеңілдетуге немесе алмастыруға бағытталған жаңа технологиялар мен құралдар енгізуге, әсіресе, жол шаруашылығында, еңбек қорғау жағдайын жақсартуға 350 млн теңге бөлінген. 2007 жылы жоспарланған жұмыстардың барлығы да толығымен іске асырылды.

«Теміржол жоғарғы қауіптілік аймағы болып есептеледі. Сондықтан онда теміржол магистралына жоғарғы жауапкершілік сезімімен қатынасатын адамдардың жұмыс істегені абзал», — деді директордың орынбасары, әрі магистральдық желілер дирекциясының бас инженері Серік Төлебаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті