Оның айтуынша, үкімет кәріз коллекторының тек апатты бөліктеріне ғана қаражат бөлуге дайын. Бұл ретте Ө. Шүкеев жаңа айналма коллекторының құрылысына ақша бөлу қосымша зерттеуді қажет ететіндігін атап көрсетті.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Оралда кәріз коллекторының дабылды жағдайы қалыптасқанын түсіндірді. Ол 40 жыл бұрын салынған және бүгінгі таңда біршама есе өскен ауыртпалықты еңсере алмауда.
«Орал Су Арнасы» директоры Нәсіпқали Иманғалиұлының айтуынша, шіріген құбырлардың жарылуынан су аққан жерлердегі топырақ шөгіп, сонымен бірге жолдардың асфальті де бүлінуде. Көптеген көшелер, оның ішінде қаланың басты магистральдарының бірі Шаған жағалауы көшесі көптеген айлар бойы жабық тұр.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, 22 наурызда Оралдағы кәріз коллекторындағы апат салдарынан 60 мың адам сусыз қалған. Әлі күнге дейін апат салдары жойылмаған. Әкімнің айтуынша, Батыс Қазақстан облысы өз күшімен қалалық кәріз проблемасын шеше алмайды. Қаланың орталығының жүгін жеңілдететін жаңа айналма кәріз коллекторын салу керек.
«Біз үкіметтен 2 200 млн теңге сұрадық. Бұл қаражат айналма коллекторының құрылысын биыл бітіру үшін қажет. Әзірге бізге тек 680 млн теңге ұсынылды. Бұл ескі коллектордың апатты жерлерін жөндеуге ғана жетеді», — деп түсіндірді Б. Ізмұхамбетов. Оның айтуынша, егер мәселені қазір шешпесе, қыста осы мақсаттарға 4,4 — 5 млрд теңгеге дейін шығындануға тура келеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті