Шымкентте пара алуға күдікті ретінде облыстық құрылыс департаментінің директоры тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте пара алуға күдікті ретінде облыстық құрылыс департаментінің директоры тұтқындалды

Шымкентте пара алуға күдікті ретінде облыстық құрылыс департаментінің директоры тұтқындалды

Шымкент. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шымкентте пара алуға күдікті ретінде Оңтүстік Қазақстан облыстық құрылыс департаментінің директоры тұтқындалды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне ОҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Жұпар Мамытова хабарлады.

  • 29 Сәуiр 2008
  • 524
Фото - Caravan.kz

«ОҚО құрылыс департаментінің директоры кәсіпкерді мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілетін тендерде жеңімпаз деп тану үшін одан 2 млн теңге сұраған», — деп хабарлады Ж. Мамытова.

Баспасөз хатшысының ақпаратына сүйенсек, 53 жастағы департамент директоры өзінің қызметтік кабинетінде 2 млн теңге көлеміндегі ақша алу кезінде қолға түскен.

Қазіргі уақытта ҚР ҚК 311 бабы (Пара алу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті