Қырғызстан азық-түлік дағдарысымен күрес үшін дамыған елдерден алғашқылардың қатарында көмек алуға мүмкіндігі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қырғызстан азық-түлік дағдарысымен күрес үшін дамыған елдерден алғашқылардың қатарында көмек алуға мүмкіндігі бар

Қырғызстан азық-түлік дағдарысымен күрес үшін дамыған елдерден алғашқылардың қатарында көмек алуға мүмкіндігі бар

Бішкек. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қырғызстан азық-түлік дағдарысымен күрес үшін дамыған елдерден алғашқылардың қатарында көмек алуға мүмкіндігі бар. бұл туралы Дүниежүзілік банктің Қырғызстандағы кеңсесінің басшысы Роджер Робинсон мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 29 Сәуiр 2008
  • 452
Фото - Caravan.kz

Р. Робинсонның айтуынша, қазіргі күннің өзінде осы жаһандық дағдарыспен күресуде әлемнің кедей елдеріне көмек көрсету жобасында барлық индустриялық дамыған мемлекеттер бір-бірімен иық тірескен. Республика жоғарыда аталған көмекті бірінші кезекте алуға нақты мүмкіндігі бар, деп есептейді Дүниежүзілік банк өкілдігінің басшысы.

Атап айтқанда, Қырғызстан қазіргі таңда 2,1 млрд долларды құрап отырған сыртқы қарызды жеткілікті жауып отыруы үлкен маңызға ие. «Елдің бұл қарызды жабуында келеңсіздіктер болмайды. Мемлекет негізгі қарыз бен пайызды жабуға қауқары жетеді. 2008 жылдың бірінші тоқсанында Қырғызстанның фискалдық табысы өткен жылмен салыстырғанда 1,3 млрдқа артық», — деді Робинсон.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті