Кабулда әскери парадқа шабуыл жасауға қатысы бар жүздеген адам тұтқындалды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кабулда әскери парадқа шабуыл жасауға қатысы бар жүздеген адам тұтқындалды

Кабулда әскери парадқа шабуыл жасауға қатысы бар жүздеген адам тұтқындалды

Душанбе. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Расталмаған мәліметтер бойынша Кабулда әскери парадқа жасалған шабуылды ұйымдастыруға қатысы бар жүздеген адам тұтқындалды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 29 Сәуiр 2008
  • 458
Фото - Caravan.kz

Оқиғаны өз мойынына алған «Талибан» қозғалысы астанаға 4 баскесерді осы мақсатта жібергендерін хабарлады. Алайда, куәгерлер шабуылға 12 адам қатысты деп мәлімдеген. 27 сәуір күні парадты атқылауды сондай-ақ, Гульбеддин Хекматияр жетекшілік жасайтын Ауғанстанның Ислам партиясының баскесерлері де өз мойындарына алды.

27 сәуір күні таңертең Кабул қаласында әскери парад баскесерлер тарапынан атқыланған болатын. Шабуыл нәтижесінде 3 адам қаза тапқан. Оның бірі парламент депутаты. Ел президенті Хамид Карзай зардап шеккен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті