Шекарашылар Тәжікстандық есірткі тасымалдаушыны ұстады - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шекарашылар Тәжікстандық есірткі тасымалдаушыны ұстады

Шекарашылар Тәжікстандық есірткі тасымалдаушыны ұстады

Астана. 29 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - "Бейнеу темір жолы" шекаралық бақылау бөлімінің шекарашылар жасағы 28 сәуірде Худжант - Саратов бағытында қатынайтын поездан Тәжікстан Республикасының азаматы болып табылатын бір вагон жолсерігін ұстады, деп хабарлайды агенттік ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Сәуiр 2008
  • 333
Фото - Caravan.kz

«Оның жеке заттарын тексеру барысында шекарашылар қос түбі бар чемоданнан ақ түсті зат- героині бар, скотчпен оралған 6 дорба тапты. Есірткінің салмағы 1 килограмм 958 грамм болды», -делінген баспасөз баянында.

Есірткі тасушы Атырау облыстық ҰҚКД қызметкерлеріне табысталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті