«Банк бөлімшелерінің біріне бес мыңдық купюраны ауыстыру туралы өтінішпен бір жігіт келген. Оператор ақшаны арнаулы аспаппен тексермек болған кезде ақшаның жалған екендігі белгілі болды. Күдікті клиентті ұстау үшін банк қызметкері күзетшілер оны ұстағанша уақыт созып отырған», — деп хабарлайды облыстық ІІД-нің баспасөз хатшысы Гүлнәзира Мұхтарова.
Оның айтуынша, жігіт құқық қорғау органдарына табысталды, жасанды ақшаны өткізуге әрекет жасау дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
«Бұл кейінгі екі аптада бес мың теңгелік купюраны ауыстыруға жасалған екінші оқиға. Оперативтік қызметкерлер осынау оқиғалар бір қылмыстық тізбектің бір буыны болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды», — деді Г. Мұхтарова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті