Кеше жариялы түрде отставкаға кететінін мәлімдеген Шымкент әкімі аппаратының жетекшісі Керімхан Қадірбеков қалалық білім беру бөлімінің бастығы Ғабит Нысановтың да одан үлгі алып, қызметтен кетенінін хабарлады.
Шымкент қалалық білім беру бөліміндегілер агенттік тілшісіне Ғ. Нысановтың шынында да кешеден бері отставкада екенін растады. «Ол арыз жазып, отставкаға кетті», -деді білім беру бөлімі төрайымының міндетін уақытша атқарушы Кенжегүл Сағындықова.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, К. Қадірбеков пен Ғ. Нысанов ағымдағы жылдың наурыз айының басында «Нұр Отан» партиясынан шығарылған болатын. Ол кезде «Нұр Отан» партиясының шымкенттік филиалының басшылығы қала әкіміне шенеуніктерді қызметтен босатуға нұсқау берген.
Отставкаға кеткен К. Қадірбеков пен Ғ. Нысанов адал аттарын қалпына келтіріп, мемлекеттік қызметке қайта оралатындықтарын мәлімдеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті