Қазақстанда демалыс күндерінде өрт салдарынан 5 адам қаза болды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда демалыс күндерінде өрт салдарынан 5 адам қаза болды

Қазақстанда демалыс күндерінде өрт салдарынан 5 адам қаза болды

Астана.4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда демалыс күндерінде өрт салдарынан 5 адам қаза болды, деп хабарлайды агенттік ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып .

  • 4 Мамыр 2008
  • 474
Фото - Caravan.kz

Қарағанды облысының Осакаровка ауданында 3 мамырда 15 сағат 28 минутта жай үйлердің бірінде шыққан өртті ауыздықтау барысында үш адамның мәйіті табылды. Өрт ҚР ТЖМ күшімен ауыздықталды.

Сонымен қатар, Қарағанды облысының Саран ауданында 01 сағат 58 минутта Вахтерская көшісінде орналасқан жеке сектордағы жер үйдің 70 шаршы метріне жайлаған өртті сөндіру кезінді 2 адамның денесі табылды.

ТЖМ мәліметтері бойынша, өртті ауыздықтау үшін жеке құрамның 14 адамы және 3 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт 3 сағат 42 минутта сөндірілді.

ТЖМ баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, оқыс оқиға Шығыс Қазақстан облысының Ақбұлақ ауылында шықты. 3 мамырда 04 сағат 16 минутта бір қабатты мектептің бастапқы сыныптарға арналған екінші корпустың 256 шаршы метрі отқа оранды. Соның салдарынан ғимараттың төбесі жанып опырылды. Зардап шеккендер мен өлім-жітім жоқ.

Өртті ауыздықтауға ТЖМ жеке құрамның 11 адамы және 2 бірлік техника жұмылдырылды. Өрт көзі 11 сағат 27 минутта ауыздықталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті