Ақпарат алу бостандығына сапалы білім мен көптілділікті ынталандырудың арқасында қол жетеді - Мацуура - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+11 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақпарат алу бостандығына сапалы білім мен көптілділікті ынталандырудың арқасында қол жетеді - Мацуура

Ақпарат алу бостандығына сапалы білім мен көптілділікті ынталандырудың арқасында қол жетеді - Мацуура

Алматы. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ғаламдық ақпарат ағынын алу бостандығына сапалы білім мен көптілділікті ынталандырудың арқасында қол жетеді. Дүниежүзілік баспасөз бостандығы күніне орай Алматыдағы ЮНЕСКО Бюросында таратылған БҰҰ-ның білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі бас директоры Коитиро Мацуураның жолдауында осылай делінген, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 4 Мамыр 2008
  • 654
Фото - Caravan.kz

Жолдауда өзіңнің ана тіліңде барынша кең және тұрақты сөйлесу, ұғынысу, сондай-ақ, басқа да ұлттық, өңірлік немесе халықаралық тілдерді игеру қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан Халықаралық тілдер жылының аясында ЮНЕСКО назарында тұрғаны атап көрсетілген.

«Әр елдің өмірінің барлық қырларында — мектептерде, әкімшілік басқару органдарында, құқық және бұқаралық ақпарат салаларында тілдің алуандылығын ынталандыруды қарастыратын тиімді саясат болмағандықтан біз бүкіл әлемдегі жүздеген мың адамды қоғамдық өмір мен бұқаралық пікірталастарға қатысудағы негізгі құқықтарынан айыруымыз мүмкін», — деп атап көрсеткен ЮНЕСКО-ның бас директоры.

К. Мацуураның пайымдауынша, техникалық жетістіктер, мәселен Интернет, адамдар арасындағы пікір алмасу мүмкіндігін арттырады. Алайда, ақпарат бостандығы мен онлайн ақпараттың болуы өздігінен оны пайдалануға кепілдік бере алмайды. Себебі, бұл құралдарды пайдалану қабілетіне сапалы білім мен көптілділікті ынталандыру арқасында ғана қол жеткізуге болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті