Қызылорда сандық байланысқа толығымен көшірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылорда сандық байланысқа толығымен көшірілді

Қызылорда сандық байланысқа толығымен көшірілді

Қызылорда. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда толығымен сандық байланысқа көшірілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі облыстық телекоммуникация дирекциясының хабарламасына сілтеме жасай отырып.

  • 4 Мамыр 2008
  • 532
Фото - Caravan.kz

«Ауылдық жерлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасына сәйкес облыстық телекоммуникация дирекциясы 2007 жылы сымсыз технология көмегімен 60 ауылдық елді мекенді телефон байланысымен қамтамасыз етті», — деп көрсетілген баспасөз релизінде.

Орта білімді ақпараттандыру бойынша тағы бір мемлекеттік бағдарлама орындалу үстінде. Арал теңізі маңының 287 мектебінің 269-ы немесе 94 пайызы Интернет желісіне қосылды.

«Қосымша табылған қаражат есебінен Сырдария, Жаңақорған, Шиелі және Қармақшы аудандарының 19 елді мекені модернизацияланды және телефонмен жабдықталды», — деп толықтырды облыстық телекоммуникация дирекциясының бас директоры Сәдібек Балтабайұлы.

Былтыр Қызылорда облысында 18 мың негізгі телефон аппараттары орнатылған. Бұл жоспардағыдан 12 пайызға көп. Кең салалы Интернетті пайдаланушылар саны жыл өткен сайын артып келеді.

Қазір облыс телекоммуникациясының ауылдық жерлердегі желілерін толығымен сандық қызмет көрсетуге көшіру кезекте тұр, деп атап көрсетілген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті