«Қала басшысы Алматы қаласында қордаланып қалған көптеген проблемаларды шешу жоспарын, соның ішінде тоқтап қалған құрылыс нысандары мен үлескерлердің проблемасын шешу жайын әңгімеледі.
Басқарма ақпаратына сәйкес, кеңеске сондай-ақ, «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары Әділбек Жақсыбеков қатысты. Бұл оның қала басшылығымен бірінші көшпелі отырысы, оған Алматы қаласының әкімі бірден қолдау көрсетті. «Партияның қарапайым мүшелері-біздермен осындай қоян-қолтық қарым-қатынас орнату біз үшін және жалпы фракцияның жұмысы үшін маңызды», — деді А. Есімов.
Ә. Жақсыбеков өз кезегінде «қала басшылығының партия жоспарларын жүзеге асыруға белсене атсалысатынына сенім білдірді». «Қазақстандықтардың әл-ауқаты мен еліміздің гүлденуі — біздің басты мақсатымыз. Біз осы бағытта жұмыс жүргізе отырып, баршасымен диалог орнатуға тиіспіз», — деді Ә. Жақсыбеков.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті