Шардара су қоймасына құйылып жатқан су көлемі былтырғы жылдан он есе кем - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шардара су қоймасына құйылып жатқан су көлемі былтырғы жылдан он есе кем

Шардара су қоймасына құйылып жатқан су көлемі былтырғы жылдан он есе кем

Шымкент. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасына секундына 67 текше метр су құйылып жатыр. Былтырғы жылы оның көлемі он есеге артық болатын. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" РМК суды пайдалану бөліміндегілер хабарлады.

  • 4 Мамыр 2008
  • 541
Фото - Caravan.kz

«Бүгінде су қоймасындағы су көлемі 4 млрд 611 млн текше метр болса, Сырдария сағасына тасталып жатқан су секундына 450 текше метрді құрайды. Ал Қызылкұм арнасына секундына 35 текше метр су құйылып жатыр «, -деп хабарлады бөлім қызметкері.

«Сырттан келіп жатқан су жоқ. Өткен жылы да су көлемі мардымсыз болған, бірақ мамырдың басында су қоймасына секундына 598 текше метр су құйылған», -деп толықтырды өз сөзін маман.

«Югводхоз» бөлімінде хабарлағанындай, бүгінгі күні Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан жағынан су беру көлемінің ұлғайтылу мүмкіндігі белгісіз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті