«Сапар барысында Ресей Федерациясының жаңадан сайланған президенті Дмитрий Медведевтің Қазақстан Республикасына сапарына қатысты мәселелер талқыланады», — деді Е. Ашықбаев.
Сонымен бірге, сыртқы саясат мекемелерінің басшылары Қазақстан мен Ресейдің екі жақты ынтымақтастығын одан әрі дамыту перспективалары мен ағымдағы жағдайы, соның ішінде 2007-2008 жылдарға арналған бірлескен іс-шаралар жоспарының жүзеге асырылуы жайлы талқылайды. Онда екі жақты ынтымақтастықтың нақты бағыттары, оларды жүзеге асыру мерзімі, екі елдің БҰҰ, ЕҚЫҰ, ШЫҰ, ТМД, ЕурАзЭҚ, ҰҚШҰ, Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес және басқа да халықаралық ұйымдар мен форумдар шеңберіндегі ынтымақтастығы жайлы талқылайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті