Оңтүстік Кореяның премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Кореяның премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Оңтүстік Кореяның премьер-министрі ресми сапармен Қазақстанға келеді

Астана. 4 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Оңтүстік Кореяның премьер-министрі Хан Сын Су ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

  • 4 Мамыр 2008
  • 436
Фото - Caravan.kz

Сапар мамырдың 13 мен 15 аралығына межеленген, деді Е.Ашықбаев.

«Сапар барысында Оңтүстік Кореяның премьер-министрі ел басшылығымен кездесіп, екі ел арасындағы энергетика, жеңіл өнеркәсіп және құрылыс саласындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуге бағытталған екі жақты құжаттардың топтамасына қол қою жоспарланған», — деді Е. Ашықбаев.

Сондай-ақ, сапар аясында Оңтүстік Кореяның іскерлік өкілдерінен 100-ден астам адамның қатысуымен Қазақстан -Корея бизнес-форумы ұйымдастырылады.

«Оңтүстік Кореяның премьер-министрінің ресми сапары оның Орталық Азия елдеріне жасайтын турнесінің аясында өткізіледі. Бұл оның Корея үкімет басшысы ретіндегі бірінші шетелдік сапары», -деді СІМ өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті