Пентагон осы жылдың ішінде Ауғанстанға 55 мың M-16A2 бесатарын жіберуді көздеп отыр, бұған дейін оларды АҚШ теңіз жаяу әскерінің корпусы пайдаланған. Ауғанстанға бұл қарудың 6 мың данасы бірінші рет 2007 жылы тасымалданды. Сондай-ақ, Ауғанстанның арнайы қарулы бөлімшелеріне 6 мың М -4 карабині жеткізілді.
Washington ProFile хабарлағанындай, «Калашников» қаруын ауыстыру бастамасы Ауғанстан армиясын қайта қаруландыру бағдарламасына жетекшілік жасаған АҚШ армиясының подполковнигі Майк Мак Магон ұсынысымен жасалуда.
«Пентагона military.com интернет-порталында подполковниктің қысқа сұхбаты жарияланып, онда ол Ауғанстанның оншақты жылдар бойы «Калашников» қаруын пайдаланылуының тоқтатылуы идеологиялық қадамның бір түрі деген. Ауғанстан сол арқылы өзінің бұрынғы өмірімен қош айтысатын болады «, — деп хабарлайды Washington ProFile агенттігі.
Мак Магонның пікірі бойынша, бесатарлармен қаруланған сарбаздар «Калашников» автоматымен қаруланған талибтер алдында басымдылығы болады. Яғни бұл бастаманың әскери себеп салдары да бар.
АК-47 салыстырғанда М-16 қолдануы күрделі болғандықтан ауған сарбаздарын қайта оқыту жағынан қиынға түседі, бірақ бұл мәселені шешуге болады деп санайды Мак Магон. Оның сөздері бойынша Ауғанстанда М-16 пайдалану тәжірибесі жақсы, бірақ Ауғанстан атқыштары американдық сарбаздарға қарағанда оқтарды көбірек пайдаланып, оны соляркамен («Калашниковты тазалайтын тәсіл ,Washington ProFile ескертпесі) тазалайды.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, Ирактың армиясы да «Калашниковтан» бас тартып М-16 пайдаланатын болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті