Бапкердің айтуынша, киім ауыстыру бөлмесінен Павлодар футболшыларының ақшасы, зергерлік бұйымдары мен қалта телефондары ұрланған.
«Бұл өте ыңғайсыз оқиға. Әсіресе, өзінің қонақжайлылығымен танымал сіздердің қалаларыңызда болғаны өкінішті. Мен мұнда ылғи қуанышпен келетін едім. Мұнда жақсы қарсы алады, жақсы тамақтандырады және қалағаныңның бәрін жасайды», — деді О. Сәдуов.
Ұрлықты Әл-Фараби аудандық ІІБ қызметкерлері тергейтін болады. «Ордабасы» — «Ертіс» матчы қонақтардың пайдасына 0:1 болып аяқталды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті