«Құтқарушылардың жасаған сценарийі бойынша, өрт ошағы шаруа қожалығының аумағындағы шөп қалдықтарын өртеу кезінде байқаусызда өрт жіберіп алу салдарынан шығады. Батыстан соққан жел өрттің елдімекен мен орман массивіне тез таралу қаупін тудырады», — деп түсіндіреді баспасөз қызметі.
Оқу-жаттығу мақсатындағы өртті сөндіруге 50 дана жер үсті және арнаулы ұшу техникасы, ҚР ТЖМ құтқарушылар қызметінің, ерікті өрт сөндіруші дружиналар, орман шаруашылықтары, кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының мүшелері 194 адам жұмылдырылмақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті