МТРК ақпаратына сүйенсек, былтырғы жылдың шілде айында Астанаға «Зенченко және К» серіктестігі үшін Канададан асыл тұқымды сиырдың алғашқы легі келген. Серіктестік мамандарының айтуынша, Канаданың 750 сиыры Новоникольск ауылында Арқаның қысын жақсы өткізген.
Голштино-фриз тұқымының сиырлары жоғары генетикалық әлеуетке ие деп есептейді мамандар. Мысалы, жергілікті тұқымның әр сиыры күніне 10 литр сүт берсе, Канада сиырының сауыны одан екі, кейде тіпті үш есе артық өнім береді.
Новоникольск ауылындағы сиырлар беретін сүт түгелімен сүт зауытына өңдеуге жіберіледі. Мұнда күн сайын 20 тонна сүт өңделеді. Кәсіпорын тұтынушылар нарығына сүт өнімдерінің 39 түрін ұсынады. Күн сайын 1 тонна кілегей, 1 тонна айран және тағы бір тонна майлы айран (ряженка) өндіріледі.
МТРК ақпаратына сүйенсек, серіктестіктегі 298 сиыр бұзаулап та қойған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті